Жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – қауіпсіздік белдігін тақпау болып табылады. Қауіпсіздік белдігін тақпау жол қозғалысында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығы камераларының көмегімен патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тәулік ішінде жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 21 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.
Нәтижесінде оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамаған жүргізушілер бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.