Фото: gov.kz
Kyzylorda-news.kz. Интернет кеңістікті қолданушылар санының артуына байланысты кибералаяқтық түрлері күннен күнге өршуде.
Қазір “CyberPol” жедел тергеу тобы кибералаяқтық қылмысын ашу бағытында қызмет атқаруда. Мәселен, апта көлемінде 6 жәбірленуші Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жүгініп, олардың шағымдары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 – бабы 2 - бөлігі 4 - тармағымен (Алаяқтық, яғни ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне қылмыстық істер тіркеліп, тергеу жұмыстары басталған.
“Алаяқтардың арбауына түспеу үшін, өздеріңіздің жеке мәліметтеріңізді ешкімге жарияламай, егер де басқа қаладан ғаламтор арқылы қажетті заттарға тапсырыс берсеңіз, сол қаладағы таныс, туысыңызға айтып тапсырыс алушыны тексеруді сұрап, алдын ала төлем жасамаңыз” дейді құқық қорғаушылар.