Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы, Арал ауданында жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға аудан орталығы – Арал қаласында болды. Төтенше жағдайлар саласына көшелердің бірінде «Mersedes-benz 210» жеңіл автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы KAZINFORM хабарлады.
«Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 7 қызметкер барды. Олардың күшімен толығымен жанып жаткан автокөлікті сөндірілді. Жарақат алгандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Фото: Қызылорда облыстық ТЖД