Kyzylorda-news.kz.  Өскеменде көлік қағып кеткен елікті құтқарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 1-2 күн бұрын облыс орталығындағы көшелердің бірінде болған. Жараланған жануар ветеринарлық емханаға жеткізіліп, оған ота жасалды.

«Қазіргі уақытта елік стационарлық бөлімшеде дәрігерлердің бақылауында. Ауыр жарақаттардан бөлек, жануар бірнеше күн бойы аш жүрген. Аш қалған шөпқоректілердің іші шаншып ауырады, олар үшін бұл өте қауіпті», – деп хабарлады ветеринарлық емханадағылар.

Айта кетейік, жергілікті белсенді Сергей Бердников жабайы елікті қорғауға арналған акция жариялады. Оған еліктің өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар қолдау білдіріп, емдеуге қазірдің өзінде 250 мың теңге жинады.

Қазір жануарға керек-жарақтың бәрі бар. Еліктің тез жазылып кетуі үшін оны жеміс-жидектермен қоректендіріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Өскемен қаласының тұрғындары көшеде жүгіріп жүрген жабайы елікті байқаған.

Тағы да оқыңыз: