Ағымдағы жылдың ақпан айының 01-29 аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу.
Жүргізілген рейдтік шаралар барысында полицейлермен 20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 190 дерегі анықталды, оның 6-уы қылмыстық іс және 184-і әкімшілік құқық бұзушылық деректер.
Оның ішінде заңсыз балық аулаудың – 133 , балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың – 15, тіркелмеген қаруды заңсыз сақтаудың – 9, аңшылық қаруды сақтау ережесін бұзудың – 27 дерегі анықталды.