Kyzylorda-news.kz. Әнші Батырхан Шүкеновтің мұрасы қордың директоры Олжас Байкановтың үйінде болған өрт кезінде жойылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Коттеджде сақталғанның бәрі күлге айналды. Олжас Байкановтың тыныс жолдары күйіп қалды. Қуанышқа орай, оның әйелі, жиені және екі кішкентай баласы зардап шеккен жоқ
Өрт салдарынан үйдегі жиһаздар, құжаттар, музыкалық инструменттер, мұрағат бәрі жойылды. Арнайы бір дискіде сақталған Батырхан Шүкеновтің аудио-видео материалдары із-түзсіз жоғалып кетті.
Олжас Байканов әншінің туыстарында оның даусы жазылған компьютер сақталған шығар деп үміттенеді.
Қазір қор басшысының отбасы туыстарының үйінде уақытша тұрып жатыр. Өрттің себептері анықталу үстінде. Қайырымды жандар материалдық тұрғыда қол ұшын созды.
“Батырханның әндері, суреттері, аудио-видео жазбалары жазылған арнайы хард-дискі бар еді. Сол өкінішке қарай өртеніп кетті”, – дейді Байканов.