Kyzylorda-news.kz. Жарылғыш заттарды заңсыз сақтаған Байқоңыр тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  Байқоңыр кешенінің прокуратурасы.

46 жастағы жергілікті тұрғын үш жылдан астам уақыт бойы өзінің пәтерінде әрқайсысының салмағы 200 грамм болатын 3 тротил шашкаларын сақтағаны анықталды.

Қазіргі уақытта жарылғыш заттарды құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәркілеген.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: