Фото: SmartNews 

Kyzylorda-news.kz. SmartNews басылымының хабарлауынша,  Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйелі Ғалия Ысқақоваға, қылмыстық іс бойынша министрдің адвокаты болған Мұқтасым Төлеевке қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Бұл туралы Halyq Uni басылымы жазды.

 Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылдың 20 маусымында 8 жылға сотталды. Араға екі апта салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-министрдің әйелі пара беруге оқталғанын анықтаған. Ал олардың мүддесін қорғаған адвокат Мұстақым Төлеев алаяқтық пен пара беруге итермелеу әрекетін жасады деген күдікке ілінді. Ол Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын жеңілдету және қамаудан босату үшін экс-министрдің әйелінен сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 мың доллар алған. 2024 жылдың қаңтарында қылмыстық іс сотқа түсті. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) – 367-бабы 4-бөлігі (пара беру) бойынша күдікке ілінген. Әйелі Ғалия Ысқақова 368-баптың 1-бөлігі (парақорлыққа делдал болу), Мұстақым Төлеев 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа тартылған. Сот отырысында адвокат қылмыстық-процестік кодекстің талаптары бұзылғанын алға тартып, істі прокуратураға қайтаруды сұрады. Сондай-ақ Ғалия Ысқақоваға қатысты «үйқамақта ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын «елден шықпау түріндегі қолхатқа» ауыстыруды сұрады.

 Сотталушылардың бірі – Мұстақым Төлеев Ысқақоваға қатысты арызды, кінәсін мойындап келгені туралы арызды дәлелдер арасынан алып тастауды, Ысқақоваға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Ал Төлеевтің адвокаты қорғауындағы Мұстақым Төлеевке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» немесе «өтемақыға» ауыстыруды сұрады. Істі қарап жатқан судья Тасымбетов сотталушылар мен олардың адвокаттарының өтінішхатын қанағаттандырмады.

 

Тағы да оқыңыз: