Фото: Полиция
Kyzylorda-news.kz. Полицияға облыс тұрғыны арызданды. Айтуынша бірнеше азаматтар өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалау арқылы 7 000 000 теңге беруді талап еткен.
Аталған дерек бойынша Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кезекші тәулікте 34, 32 және 22 жастағы облыс тұрғындарын ұстады. Тексеру барысында олардан ақша, сигналдық тапанша және жалған «қызметтік куәлік» айғақ зат ретінде алынды.
Қазіргі таңда жәбiрленушiнi масқаралайтын мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қорқытып алушылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.