Kyzylorda-news.kz. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Дәстүрлі өнер институтында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында Жиенбай жырау Дүзбенбетұлының 155 жыл толуына арналған «Жыр иесі Жиенбай» атты лекция-концерті өтті.

Аталған концертте «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының профессор-оқытушылары А.Жүнісова, Қ.Қасенова, А.Алайдарова тақырыпқа сай студенттердің қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар «Дидар» халықтық фольклорлық этнографиялық ансамблі күйден күмбірлетіп шашу шашты.

Жиенбай жырау жүрек тереңінен шыққан жауһар өлең-жырмен халықты сусындатқан жыр жампозы, шашасына шаң жұқтырмайтын ақын деп халқы айдарлап атақ берген Жиенбайдың шығармашылығы негізінен сол заманғы ақын-жыраулардың бай-манап езгісінде болған кедей өмірі, махаббат пен арнауларға арналады. Жампоз жырау жыр жазып қана қоймаған, ол өзі сияқты ақындардың шығармаларын нақышына келтіре халық алдында насихаттап, оны тыңдаушы қауымға нақышында жеткізді. Ол жазба ақындар айтысында да өзіндік орнымен танылған тұлға. Жыраудың шығармаларын оқи отырып және оның өнегелі өмірінен сөз қозғасақ, өз дәуірінде оның өнеріне ел сүйсінген, көпшілік сыйлаған жырау болғанын білеміз. Иә, өз заманның дүлділі атанған сөз зергері Тайқоңырдан бастау алған жыраулық өнер оның баласы Дүзбенбетке, содан кейін оның немересі Жиенбайдан шөбересі Рүстембекке, әрі қарай Көшеней мен Бидасқа және одан кейінгі ұрпағы Арнұрға атадан балаға сабақтасып келеді.

Шараға Жиенбай жыраудың ұрпағы Ыдық Жиенбаева қатысып, естеліктермен бөлісті. Сондай-ақ концертте дәстүрлі өнер институтының студентері Жиенбай жыраудың жырларын орындап өз өнерлерін көрсетті.

Тағы да оқыңыз: