Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы «Жергілікті атқарушы органдар» санаты «Жылдың үздік жобасы» номинациясына ұсынылған болатын. Аталған шара жобалық басқару жөніндегі ұлттық конкурста жеңімпаз атанып, күміс жүлдеге ие болды.

Алты Алашқа ана атанған Сыр өңірінде сөз сарасын салмақтаған сүлейлердің жалғасы болған, елдің даңқын бір ауыз сөздің құдіретіне сыйдырған ақындар аймағымыздың өнері мен мәдениетін асқақтатып келеді.

Суырыпсалма өнердің саңлақтары сөз сайысында Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген мерейлі жетістіктерін, кемел келешегі мен бағдарлы болашағының бағытын ұшқыр ой, көркем тілмен жырға қосып, халыққа кеңінен насихаттады. Сондай-ақ айтыс аламаны жаңа есімдер, жас ақындармен толықты.

Тағы да оқыңыз: