Сыр елінің әншісі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде ән шырқады – Kyzylorda News
Басты бет

Сыр елінің әншісі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде ән шырқады

20.07.2021, 12:30

1904 0

Kyzylorda-news.kz. Осы жылдың 17-18 шілдесінде Белоруссияның Витебск қаласында 30 жылдық мерейтойы аясында «Славян базары» халықаралық фестивалі өткізілді. Музыкалық конкурсқа Сыр елінің перзенті, «Бриллиант» дауысты әнші жерлесіміз Дінмұхаммед Төлеубай қонақ ретінде шақырылды. Аймақ басшысының қолдауымен «Славян базарына» барып, өнер көрсетті.

Дінмұхаммед Төлеубай Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері болған Қаракөз Ақдәулетованың шәкірті.

Сыр топырағынан шыққан Димаштай жас өнер иесіне шығармашылық табыс тілейміз. Халықаралық ән байқауларында бағың жанып, өнерің өрге жүзсін! Талай ән додаларында оза шап! Қазақтың атын танытар, әлемді мойындатар талант иесі болуыңа тілектестігімізді білдіреміз.

0

Пікір қалдыру