Республикалық би байқауында «Томирис» би ансамблі І-орынды жеңіп алды – Kyzylorda News
Басты бет

Республикалық би байқауында «Томирис» би ансамблі І-орынды жеңіп алды

22.12.2021, 11:20

684 0

Kyzylorda-news.kz. «Алтынай» республикалық би байқауының жеңімпаздары анықталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың 90 және «Алтынай» МХБ ансамблінің 35 жылдығына арналған I республикалық «Алтынай» би байқауының қорытынды концерті өтті. Шара барысында жеңімпаздар марапатталды.

Бас жүлдені Алматы облыстық «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі қанжығасына байлады.

Ал І-орынды Нұр-Сұлтан қаласының «Наз» мемлекеттік би ансамблі және Қызылорда облысының «Томирис» би ансамблі жеңіп алды.

Айта кетейік, «Томирис» ансамблі би байқауына Н.Тайрдың “Қазыналы қазағым” және Б.Ағиярдың “Жайлауда” биін апарған.

ІІ-орынды Алматы облысының «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі және Ақтөбе облысы «Аққу» би ансамблі иеленді.

ІІІ-орын Алматы облысының «Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблі мен Жамбыл облысы «Ақкербез» би ұжымына бұйырды.

Сонымен қатар «Ең үздік ер адам образы» үшін«НАЗ» мемлекеттік би театрының балет артисі Асхат Маден арнайы жүлдемен марапатталды. Ал «Ең үздік әйел адам образы» үшін Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Аққу» би ансамблінің балет артисі Дана Жасжанова, «ҮМІТ» сыйлығы дипломымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер Ұлттық әскери – патриоттық орталығы филиалының эстрадалық би тобы;

«Бидің ұлттық құндылығын сақтап, дамытқаны үшін» дипломымен Шығыс Қазақстан облысы «Ертіс» концерттік бірлестігінің «Алтай» би ансамблі, сонымен бірге «Би әлем» Жетісу хореография орталығының арнайы сыйлығымен Қали Байжанов атындағы Қарағанды облыстық концерттік бірлестігінің «Аққу» би ансамблі марапатталды.