Kyzylorda-news.kz. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі “Жастар ісі” секторының ұйымдастыруымен студент жастармен кездесу өтті.

Еріктілер жылына орай ұйымдастырылған кездесуде  қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мен Әбу Насыр Әл–Фарабидің өмір тарихынан сыр шертіліп, шығармашылығы таныстырылды.

«Иманды жас – ел болашағы» тақырыбында өрбіген сұхбат барысында ҚМДБ-ның облыс бойынша Бас имамы Болатбек Әбуов жастарға «ата-ананы құрметтеудің мәртебесі», “көркем мінезділік”, “имандылық”‘, “мейірімді болу” тақырыптарында өнегелі насихатын айттты. Сондай-ақ Нұр-Мүбарак университетінің 4-курс студенті Абылай Кенжалыұлы «білім алудың парыздылығы», «уақытты тиімді пайдаланудың пайдасы» жайлы сүбелі ойларымен бөлісті. Ал, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның директоры Сабыржан Бауыржанұлы өңірдегі ерікті азаматтардың ерен еңбектерімен таныстыра отырып, еріктіліктің маңызы мен мақсаттарын түсіндірді.

Тағы да оқыңыз: