Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық өнерпаз Дінмұхаммед Төлеубай І халықаралық «Арт-парад» конкурсының гран-при иегері атанды. Беларусь жерінде өткен халықаралық ән байқауында әлем елдерінен бірқатар өнерпаздарынан озық шықты.

Дінмұхамед Қызылорда қаласындағы №11 мектептің 7-сынып оқушысы. Дарынды жас бірнеше байқауларға қатысып, өнер әлеміне қадам басып келеді. Оның академиялық бағыттағы конкурстық әні қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.

Дінмұхаммед Төлеубай Гран-при иегері ретінде Витебскте өтетін ХХІХ халықаралық Славян базарына шақырту алды.

Тағы да оқыңыз: