Kyzylorda-news.kz. Қызылорда  облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен облыс көлемінде орта  және  арнаулы  орта,  жоғары  оқу  орындарының хор топтары арасында есірткіге  қарсы  патриоттық әндер  орындау сайысы  ұйымдастырылды.

Сайысқа  53  үміткер қатысып,  тақырыпқа  байланысты  ізденіп, патриоттық әндер мен есірткі  мәселесін  кеңінен  ашатын  өздерінің шығарған рэп-композиция, әндерін  орындады. 

Құрылған  сайыстық  комиссия шешіміне  байланысты  53 сайыскердің ішінен ынталық  танытқаны  үшін  20 сайыскер  аталды.  Олар:

Өздерінің  тапқырлығы  мен  жеңіске  ынталығын  танытқан  27  (9 –бірінші, екінші, үшінші орындар)  сайыскер  жеңімпаз  атанды,  олар:  Қызылорда қаласы №264 мектеп-лицей, Қармақшы ауданы №275 орта мектеп, Қармақшы ауданы №185 орта мектеп, Арал ауданы № 262 мектеп-гимназия, Қызылорда қаласы №173 орта мектеп, Қызылорда қаласы №140 орта мектеп, Қармақшы ауданы №26 орта мектеп, Сырдария ауданы №35 мектеп – лицей, Жаңақорған ауданы №160 орта мектеп, Жаңақорған ауданы №247 орта мектеп, Қызылорда қаласы №215 орта мектеп, Қармақшы ауданы №108 орта мектеп, Арал ауданы № 83  орта  мектеп, Арал ауданы № 14 мектеп-лицей, Жаңақорған ауданы №51 орта мектеп, Қазалы ауданы №170 орта мектеп, Сырдария ауданы №210 орта мектеп, Шиелі ауданы №45 орта мектеп, Қармақшы ауданы №109 орта мектеп, Қызылорда қаласы №176 орта мектеп.

Жарыстың І орынын Шиелі ауданынан №50 орта мектеп жеңіп алды. ІІ орынды Қармақшы ауданындағы №107 орта мектеп алды. Жаңақорған ауданы №180 орта мектеп – ІІІ орын иеленді.

Тағы да оқыңыз: