Kyzylorda-news.kz. Достық үйінде Неміс этномәдени бірлестігінің мәдени  күні өтті.

Шара басталмас бұрын келген қонақтар қолөнер көрмесін тамашалады. Мәдени күн аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова неміс этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділерін марапаттай отырып, бірлестіктің жеткен жетістіктерін атап өтті.

Сонымен бірге, неміс этномәдени бірлесітігінің жетекшісі Ирина Шек бірлестік тарапынан Тереңөзек кентінен келген «Достық» ансамблі, Александра Кокшарова және Константин Луцаны марапаттады.

Неміс этносының мәдени күнінде әртүрлі жанрларда ән, би, өлеңдер орындалды. «Достық» ансамблі кештің көркін келтіріп, «Адажио» би ұжымы одан бетер жандандыра түсті.

Тағы да оқыңыз: