Kyzylorda-news.kz. Бүгіннен бастап өнер мен мәдениетті насихаттайтын тағы бір телеарна ашылды.

Бүгін таңғы 08:00-де жаңа телеарна ALMA TV кабельдік операторының желісінде тұңғыш рет эфирге шықты.

Теларна басшысы Нариман Қойшыбаевтың айтуынша, жаңа арна көрерменге тың туындылар, қызықты концерттер ұсынады.

«Жаңа телеарна музыканы насихаттайды. Бұл жоба — ресейлік франшиза. Бізге дейін Ресейде BRIDGE TV арнасымен бірлесіп, бес арна ашылған. Қазақстан және Ресей музыкасын тең дәрежеде эфирден көрсететін боламыз», — дейді Нариман Қойшыбаев.

Айта кетейік, телеарнаның тұсаукесері былтыр Алматы қаласында JYL TANDAYY ұлттық музыкалық тележүлдесінің аясында өтті.

Қалың көпшілікке жол тартқан BRIDGE TV QAZAQSTAN – отандық телеарна. Қазақстанның үздік әндерімен қатар Ресейдің үздік музыкалық туындылары, концерттер, танымдық, сауықтық бағдарламалар көрсетіледі.

Жалпы, BRIDGE TV бренді ресейлік BRIDGE MEDIA музыкалық холдингіне тиесілі. BRIDGE MEDIA телеарналар тізімінде BRIDGE TV, BRIDGE CLASSIC, BRIDGE TV DELUXE, BRIDGE TV РУССКИЙ ХИТ бар. BRIDGE TV HITS-тен жаңадан ашылған BRIDGE TV QAZAQSTAN алтыншы болып ашылып отыр.

Телеарна Қазақстан музыкалық кеңістігінде кәсіби телевизиялық өнімдерді насихаттайды. Музыкалық индустрияны дамытуды көздеп отыр.

Тағы да оқыңыз: