Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда Абай күнін атап өту ұсынылды. Мәдениет және спорт министрлігі қаулы жобасын “Ашық НҚА” порталында жариялаған.

Мерекені 10 тамыз – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туған күнімен қатар тойлауды ұсынып отыр.

“Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы “ҚР – дағы мерекелер туралы” заңының 4-бабына сәйкес үкімет 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 “мерекелік күндер тізбесін бекіту туралы” қаулыға өзгерістер енгізіп, Абай күнін 10 шілде тойлауды қаулы етеді”, – дейді “Ашық НҚА” порталында жарияланған қаулыда.

Тағы да оқыңыз: