Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық мәдениет орталығында күйші, қобызшы, музыкант Махамбет және Романқұл Әуезовтер атындағы облыстық байқауы өтті. Байқауға Қызылорда қаласы мен Арал, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарынан келген халықтық отбасылық ансамбльдері қатысты.

Байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ресейдің Туапсе қаласында өткен халықаралық байқаудың Гран Приін ұтып алған жас әнші Мадияр Серікті жеңісімен құттықтады.

Талантты отбасылардың өнерін Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Сәукен Әліш, Қазанғап атындағы жоғары колледжінің оқытушысы Талғат Кәденов, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім меңгерушісі Қарлығаш Жүсіповалар сарапқа салды.

Облыстық байқаудың бас жүлдесін Сырдария ауданынан келген «Сәдуақасовтар» отбасылық ансамблі иеленді.

Бірінші, екінші орындарды Жаңақорған ауданының «Айсыновтар» мен аралдық «Сыдықовтар» халықтық отбасылық ансамблі өзара бөліссе, сырдариялық «Сарыбаевтар» ансамблі үшінші орынға табан тіреді.

Ал, «Ноғайбаевтар», «Қожабековтер», «Бидашевтар» ансамбльдері «Алғыс хатпен» марапатталды.

Тағы да оқыңыз: