Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен Ақын Мұзарап Жүсіпұлы мен жырау Рүстембек Жиенбайұлының 115 жылдығына арналған арналған «Мұзарап әннің бұлбұлы, Рүстембек жырдың дүлдүлі» атты облыстық жыраулар фестивалі мен жас ақындар айтысы өтті.
Мәдени шараны Қармақшы ауданы әкмінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлы ашып, сәттілік тіледі.
Жыр фестивалін жыраулардың ұрпағы Бидас Үрістембеков, Қасарбек Кәрібаев, Балтабай Бедебаев, Айгерім Ешбаева, Әділхан Қуаңбаев, Байбол Көшенеевтер бастап шықса, айдынды Арал мен қарт Қаратаудан келген 6 жас ақындар Серіков Еркебұлан /Қармақшы ауданы/, Серіков Жанұзақ /Қазалы ауданы/, Жаулыбаева Қаламқас /Қармақшы ауданы/, Бағдәулет Әбілдаев /Қызылорда қаласы/, Дильназ Ержігіт /Шиелі ауданы/, Дамир Айтбай /Жалағаш ауданы/ қатысып, өрелі сөздің кестесін келтіре жырлады.
Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Дильназ Ержігіт /Шиелі ауданы/ Бас жүлде, Бағдәулет Әбілдаев /Қызылорда қаласы/ І орынмен, Жаулыбаева Қаламқас /Қармақшы ауданы/ мен Дамир Айтбай /Жалағаш ауданы/ ІІ орынды иеленсе, Серіков Еркебұлан /Қармақшы ауданы/ мен Жанұзақ Серіков /Қазалы ауданы/ ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
Аталған шараға Мұзарап ақынның жиендері Кенебаев Тиыштыбай мен Бисенбаев Асылан ағаларымыз арнайы келіп, ризашылықтарын білдірді.