Kyzylorda-news.kz Заман өтеді, уақыт көшеді. Көш-көліктің артында ізі қалады. Сол ізді кейінге жеткізетін де, сақтайтын да киелі бір орын бар. Ол – мұрағат. Онда ұлттың құнды құжаттары, елдің өткен тыныс-тіршілігі, жасаған еңбегі сайрап тұрады. Қармақшы ауданындағы осындай мұрағат мекемесі 1987 жылы құрылған.
«Қармақшы аудандық архиві» филиалы архивісін жүргізу және басқаруда Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасына және «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар атқарылып келеді.
Архив жүйесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және архив ісін жетілдіру бағытындағы қызметтерді жүзеге асыруда мекемелер жүйесіндегі үкіметтің өкілетті және атқарушы органдарымен, мәдениет, білім мекемелерімен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен іскерлік қатынастарды орнатудағы өзара қарым-қатынастарды нығайту жұмыстары өз жалғасын табуда.
– «Аудандық архив толықтыру және әлеуетті толықтыру көзі болып табылатын 52 ұйыммен жұмыс істейді. Онда 1926 жылдан 2017 жылға дейінгі 142 қордан 36071 құжат сақталған. Оның ішінде 1926-2004 жылдарғы аудандық сотының үкім, шешімдері, 1935-1942 жылдарғы Халық Әділет Комиссариатының акт жазбалары, 1934-1992 жылдарғы аудандық атқару комитетінің, 1937-1941 жылдарғы ауданға қоныс аударған түрлі ұлт өкілінің тізімі мен Приморский партизан ұжшарынан қоныс тепкен корей халқының тізімі, қоныс аударған ұлт өкілдеріне аудан азаматтарының көмегін, достығын білдіргені туралы, ұйымдар мен кәсіпорындардың басқару-әкімшілік құжаттары сақталуда. Одан өзге, жеке тектік қор иелері Тұрмағамбет шайырдың шәкірті Әлиакбар Жұматаевтың, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Әбдірай Бөрібайұлының, соғыс және еңбек ардагерлері Қасқыр Наметшаевтың, Шәкіман Бектібайұлының, Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабекованың, І дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісінің иегері Милияр Арифовтың, «Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Қылышбек Әбішевтің, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Қаратай Қуаңбаевтың, айтыскер-ақын, Жазушылар одағының мүшесі Қали Шыңғысовтың және басқа да ауданға еңбек сіңірген азаматтардың жеке және фото құжаттарын архив қорынан алып танысуға болады, – дейді Қармақшы аудандық архия филиалының басшысы Гүлжамал Ерахметқызы.
Архив ісінің дамуы, Ұлттық архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз етумен қатар, архив қорының маңызды құндылықтармен толықтырылуы және олардың кең көлемде қолданысқа еніп жариялануы архивисттердің негізгі назарында.
Жалпы архив қорында өткен жылдың қортынды есебімен 1926 жылдан 2018 жылға дейінгі 142 мекеменің қорынан, 37061 құжат сақтауда тұр. Атап айтқанда 1926-2004 жылдардағы Қармақшы аудандық сотының үкім, шешімдері, 1935-1942 жылдар аралығындағы Халық Әділет Комиссариатының акт жазбалары, 1934-1992 жылдар аралығындағы Қармақшы аудандық атқару комитетінің, 1937-1941 жылдардағы Қармақшы ауданына қоныс аударған түрлі ұлт өкілдерінің тізімдері және Приморский партизан колхозынан қоныс тепкен корей халқының тізімідері, қоныс аударған ұлт өкілдеріне аудан азаматтарының көмегі, достығын білдіргені туралы құжаттар және ауданымыздың барлық ұйымдар мен кәсіпорындарының басқару-әкімшілік құжаттары сақталуда.
Осы құжаттарды өз қалпында сақтау үшін 1200 құжат тігіп-түптеліп, 2300 құжаттың мұқабасы шифровкаланды. 145 істен 927 парақ қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1770 жазба қағаздары жазылып, ілініп, 60 істен 375 мәтіні өшуге айналған парақ қалпына келтірілді, – дейді филиал басшысы.
Өткен жылы Қармақшы ауданының тұрғыны, «алтын Алқа» иегері Бектай Тойқожаева мен кКүміс алқа» иегері Айнагүл Дүйсенқызының, архив саласының ардагері Жазықбай Нұржановпен кездесу өткізілді.
Мұнан өзге жинақтау көзі болып табылатын аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен ауылдық округ мамандарына «Ұлттық архив қорының және басқа да архивтік құжаттарды ведомостволық архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібі»,«Е-Архив» ақпараттық жүйесіндег «Істер номенклатурасы бөлімі», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы», «Ұйым архивінің жиынтық паспортын рәсімдеу тәртібі», «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі «Әкімшілік функциялары», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары», «Архивтік анықтамалар, архивтік үзінділер берудің тәртібі», «Істерноменклатурасын құрастыру», «Архивтік анықтамалар, архивтік үзінділер берудің тәртібі» тақырыптарында 9 семинар кеңес өткізілді. Семинар кеңеске барлығы 62 мекемеден, 83 қызметкер қатысты.
Мекемелерге архив қызметкерлері тарапынан 40 ведомостволық архивте және 40 мемлекеттік архивте, барлығы 80 әдістемелік кеңестер берілді.
– Былтырғы жылы Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының сараптама тексеру комиссиясының мәжілісіне 21 фото құжат, 11 жекетектік құжаттары,718 басқару және 387 жеке құрам бойынша құжаттары мемлекеттік архивке қабылданды. 8 мекеменің істер-номенклатурасы және 17 мекемеден 263 0мерзімі өткен сақтауға жатпайтын құжаттарды жою туралы актісі бекітіліп берілді.
Архив қорының ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін құру мен жетілдіру мақсатында да жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды, – Қармақшы аудандық филиал басшысы дейді Гүлжамал Іздібаева.
«Қармақшы аудандық архиві» филиалы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талаптарына сай баспасөз бетіне 2 мақала жариялап құқық қорғау органдарымен бірлесіп 4 дөңгелек үстел және 2 ашық есік күні өткізілді.
Ұжым қызметкерлері мекемеге қажетті құжаттарын іздеп келгендерге қашанда сұрағанын көрсетіп, бағыт-бағдар беруге даяр тұрады. Қорда сақталғандықтан әрбір құжаттың маңыздылығы жоғары екенін де олар жақсы түсінеді. Әсіресе ескі және сирек кездесетін құжаттар болғандықтан оның бүлінбей сақталуы – архив қызметкерлерінің назарындағы басты дүние. Көзге көріне бермейтін, бірақ жұмысы бастан асатын ұжым мамандарының тыңғылықты қызметі де үнемі ел алдында. Негізгі жұмыстан өзге, мұнда түрлі іс-шара өтіп, қордағы құнды құжаттар бойынша кездесу, дөңгелек үстел отырыстары өткізіліп тұрады. Ашық алаңда сала қызметкерлері мен ардагерлер, БАҚ өкілдері, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысып, өзара пікірлерімен бөліседі. Басшылық тарапынан алғысқа бөленіп жүргендері де аз емес. Өткен жылдың қорытындысымен айтулы ұжым жоғары көрсеткіш көрсетіп, бірқатар марапатқа ие болуда. Атап айтсақ, облыстық архив мекемесінің құрылғанына 95 жыл және Архившілер күніне орай өткен «Үздік архивші» атты облыстық байқауға аудандық филиал атынан қатысқан ІІ санатты архивші, білікті маман Нұржан Аяғанов бас жүлдені жеңіп алып, аймақтағы әріптестерінен бәсі биік шықса, жыл басында мекеме басшысы Гүлжамал Ерахметқызын сала мамандарының мерекесінде басқарма басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов Сыр елінің тарихын жинақтап, оның мұрасын қалыптастырудағы игі істері үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Оның нәтижелі жұмысына ризашылығын білдірген басқарма басшылығы әрі қарайғы да қызметіне сәттіліктер тіледі.
Архив мекемесі мемлекеттік мекеменің бір тармағы ретінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілілетін қызметі кеңсе арқылы, Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы ақысыз жүзеге асады. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі он бір жұмыс күні ішінде беріледі.
Былтыр аудандық архивте жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен сұранымдарға байланысты заң талаптарына сай ХҚКО арқылы – 11 сұраныс, Электронды үкімет порталы арқылы – 1083 сұраныс, хат арқылы ТМД елдерінен 78 сұраныс. Жылдық есептік кезеңінде барлығы 1198 сұраныс тіркеуге алынды. Өтініштердің 913-і қанағаттандырылып, 273-і түсіндірілді, 12-сі қайта бағытталды.
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында азаматтардың әлеуметтік-құқықтық сипатындағы 250 сұрау түсіп, оның 195-сі оң нәтижемен орындалды. Оның ішінде баламалы негізде тікелей архив мекемесіне 8, мемлекеттік корпорация арқылы-2, электронды үкімет порталы арқылы-240 сұраныс жүзеге асырылды. «E-gov» электрондық үкімет арқылы орындалған сұраныстардың үлесі - 96 пайызды құрады.
«Электронды архив» бағдарламасыаясында2 013 жылдан бастап архивтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде 2023 жылдың қортындысымен 25 қордан 9983 құжат 1 206 280 парақ цифрлық форматқа көшірілді.
2020 жылдың ІV-тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы тапсырмасымен «Құжаттардың біріңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі жасалып мекемедегі сандық форматтағы құжаттарды жаңа жүйеге еңгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда бұл ақпараттық жүйеге Қармақшы аудандық мәслихаты, Білім бөлімі, Қармақшы аудандық әкімінің аппараты, Жосалы, Төретам кенті әкімі, Қармақшы ауданы әкіміне қарасты бөлімдер және барлық ауылдық округ әкімдіктері қосылған, жұмыс жасап отыр. Аталған мекемелер алдағы уақытта осы ақпараттық жүйе арқылы архив мекемесіне құжаттарын электрондық түрде өткізетін болады. Айта кетейік, 2021 жылдың қазан айынан бастап «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі де осы Е-Архив жүйесі арқылы жүзеге асырылып келеді.