Kyzylorda-news.kz  №82 орта мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту мақсатында 9 - сынып оқушылары арасында қазақтың көрнекті жазушысы, қысқа әңгіменің шебері, қоғам қайраткері Б.Майлиннің 130 жылдығына орай "Б.Майлин- қазақ әдебиетінің хас шебері" тақырыбында әдеби кеш болып өтті. 

Кештің мақсаты – оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, жазушы шығармаларынан рухани азық,  тәлім-тәрбие алуға баулу, шығармашылығын  кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Шара барысында оқушылар жазушының жарық көрген жинақтарымен танысты,  қысқа әңгімелерінен үзінді оқыды. Жазушының Мырқымбай бейнесі арқылы кедейлердің болмысын, тұрмыс-тіршілігін суреттеген жиынтық бейне екендігін аша білді. Сонымен қатар,  өлеңдерін де жатқа айтты.

Сондай-ақ, білім ордасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 8-сынып оқушылары "Сен өз құқығыңды білесің бе?" тақырыбында эссе жазды. Мақсаты – оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

Сонымен қатар, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру барысында "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" тақырыбында мектепшілік ғылыми жоба сайысы өткізілді. Ғылыми жобаның мақсаты – оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, азаматтық көзқарастарының қалыптасуына, рухани мәдениеттің дамуына ықпал ету.

 

Фото: turkystan.kz

Тағы да оқыңыз: