Kyzylorda-news.kz. «Бала дауысы» ұлттық балалар ән конкурсының бесінші маусымына іріктеу қашықтан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқаудың 5-маусымына іріктеу 26 наурыз бен 25 сәуір аралығында ұйымдастырылады. Оған 8-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Онлайн-іріктеу турына қатысу үшін өтінімді толтырып, кез келген тілде және кез келген жанрда екі-үш ән үзінділері орындалған видеоны жіберу қажет. Іріктеу турының қорытындысы бойынша 17 финалист анықталады. Олар маусым айының басында Алматы қаласына шақырылатын болады.

«Бала дауысы» – бұл әлеуметтік жоба. Оның барлық кезеңдеріне қатысу тегін, ал жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің музыкалық оқу орындарында білім алуға гранттар мен ертегілер әлемі – Диснейлендке жолдама алады.

Байқаудың ұйымдастырушылары – Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры.

Толық ақпаратты конкурстың ресми www.baladauysy.kz сайтынан білуге болады. Өтінімдер www.notka.kz сайтында 26 наурыздан бастап қабылданады.

Тағы да оқыңыз: