Kyzylorda-news.kz.  «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық акциясы бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары мен ювеналды полиция бөлімі қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымның бірлесуімен тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатындағы акция өз жалғасын табуда.

Қызылорда қаласында орналасқан учаскелік полиция инспекторларының аймақтық бөлімшелеріне және стационарлық полиция бекеттеріне үндеу  парақтары жабыстырылып, қала тұрғындарына таратылды.

Акцияның басты мақсаты отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту.

Сондай-ақ зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Республикалық акция аясында отбасы-тұрмыстық мәселелері бойынша  12 әйел адамға  полицейлермен құқықтық кеңес  беріліп, көмек көрсетілді.

Тағы да оқыңыз: