Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті жылу желілеріндегі судың бекітілген температуралық кестесінің сақталуын орталықтандырылған жылумен жабдықтау «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» МКК «ҚазалыТеміржолжылу» филиалының қазандығы қамтамасыз етеді.

«Биыл 8 қаңтар күні сыртқы ауаның орташа температурасы -8 градусты көрсеткенде жылу желісіне су беру температурасы 68°С, кері су 67,0°С құрады. Су темпаратурасы белгіленген кестеге сай. «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының отын-газында №2,3,4 қазандық және №1 резерв қазандық жұмыс істейді», – делінген ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің таратқан хабарламасында.

Айта кетейік, энергия көзі болып есептелетін отын – мазуттың пайдалану резервтік (апаттық) қорының көлемі талаптарға сәйкес келеді.

Тағы да оқыңыз: