Kyzylorda-news.kz. Қызылордада көлігіне жалған мемлекеттік белгісін таққан жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны жалған мемлекеттік белгісін «Ваз 21210» маркалы автокөлігіне тағып басқарған. Бұған қоса, бұл автокөлік «Аркан» құрылғысына 60 мәрте жылдамдық асырып түскені үшін 1 млн 534 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, сол күні қызылордалық полицейлер кешкі уақытта 23 жастағы қала тұрғынын «Lexus NX 300» маркалы автокөлігіне жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарғаны үшін тоқтатып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Қазіргі таңда, жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарғаны үшін бұл жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590 – бабының 4 – бөлігімен (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттамалары толтырылып, Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиісті шешім қабылдау үшін жолданды.
Көлік құралдары айып алаңына қойылды.

Тағы да оқыңыз: