Kyzylorda-news.kz. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 168,6 мың отбасыға, атап айтқанда 858,2 адамға 58,3 млрд теңге сомасында төленді.

Отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға АӘК тағайындалады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Биылғы 11 айда әлеуметтік топтама алушылардың жалпы саны 158,1 мың отбасын немесе 431,3 мың адамды құрады.

1 жастан 6 жасқа дейінгі АӘК алушылар қатарынан 216,4 мың бала азық-түлік жиынтығы және тұрмыстық химия түрінде кепілдік берілген әлеуметтік топтама алды.

Естеріңізге сала кетейік, 130 мың қазақстандық отбасының 650 мыңнан астам адамына IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығы биылғы 25 қыркүйекте қабылданды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, II және III тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындау ұзартылған болатын.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: