Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың басынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының шешімі бойынша шетелге емделуге 47 пациентті жіберді: 31 адам қажетті көмекті толық көлемде алды, 16 қазақстандық емделуді жалғастыруда.

Тағы бес пациент емделуге жолдама күтуде, себебі ауруханаға жатқызу күні кешірек белгіленген.

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шетелдік клиникалармен 787 млн теңге сомаға шарт жасасты.

Қаражат туыс емес донордан сүйек кемігін транспланттауды жүргізуге, ағзаларды транспланттауға, стереотаксикалық радиотерапияға/радиохирургиялық емдеуге, протондық терапияға бағытталған. Осылайша, шетелде емделетін негізгі аурулар трансплантация, онкогематология және жеке органдардың онкологиясы профильдеріне жатады.

«Қазақстандықтар 2012 жылдан бастап бюджет есебінен шетелге емделуге барады. Бұл бағдарлама біздің елімізде әлі дамымаған немесе өткізілмеген жоғары технологиялық қызмет түрлерін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін құрылған», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Азаматтарды шетелге емделуге жіберу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекет сондай-ақ пациенттің және оның алып жүрушілерінің көлік шығындарын өтейді.

Бағдарлама пациенттер жеке қаражаты үшін шетелдік медициналық клиникаларға емделуге баратын жағдайларға қолданылмайды.

Шетелде емдеудің орындылығы туралы мәселені қарау үшін пациент республикалық денсаулық сақтау ұйымына (ҒЗИ, медициналық орталық) жүгінуі қажет, ол пациентті шетелге емделуге жіберу туралы қорытынды шығарады, құжаттар пакетін ӘМСҚ базасында жұмыс істейтін шетелде емдеуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмыс органының қарауына ұсынады.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: