Kyzylorda-news.kz. Жуырда Қармақшы ауданының III Интернационал ауылында бірлік пен келісімді дәріптейтін сериал НТК телеарнасы арқылы көрерменге жол тартады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен “НТК” телеарнасының тапсырысы негізіндегі комедиялық сериалға “BAS Production” компаниясы кинокартина жасаумен айналысуда. Оның бас продюсері, осы ауылдың тумасы Ақылбек Досжанов.

Бас продюсердің айтуынша 10 сериядан тұратын сериал 20-ға жуық түрлі ұлт өкілдері мекендеген шағын ауылда өтуде.

«III Интернационал ауылын таңдаудағы басты мақсатта осы. Ауылдағы этнос өкілдерінің 100 пайызы қазақ тілін ана тілім деп санайды. Сериал ауыл тұрғындарының шынайы достығы мен бірлігін көрсететін қызықты оқиғаларға толы. Айта кету керек, режиссерлер сериалдың көптеген кейіпкерлерін жергілікті тұрғындар арасынан таңдады. Кастингке барлық тілек білдірушілер балалар мен ересектер қатысты», – деді Ақылбек Досжанов.

Ауыл әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясы делегациясына арналған шара ұйымдастыруы керек болады. Әкім өте талапшыл, әрбір жұмыстың тыңғылықты болғанын қалайды. Алматы қаласынан режиссер шақыртып, ауыл тұрғындарын концертке дайындайды. Әрине, барлығы бірден тамаша бола қалуы мүмкін емес. Дайындық барысында әртүрлі мәселелер туындайды.. Алматылық режиссер ауылдың сұлу қызына ғашық болады. Жалпы сериалда ұрпақтар сабақтастығы, халық достығы, ауыл бірлігі, шынайы махаббат барлығы көрініс табады.

Тағы да оқыңыз: