Kyzylorda-news.kz. Тауық жұмыртқасы зерттелген сайын , оның пайдалы қасиеттері анықтала бермек. Жуырда ғана америкалық ғалымдар жұмыртқаны толығымыен зерттей келе, жұмыртқаның пісірілген түрі бала денсаулығына өте пайдалы екеніне көз жеткізген.

Балалардың арасында ақыл-ой кемтарлығына ұшырау қаупі азайып, ағзаның дамуы жеделдете түскен, онымен қоса сүйек аурулары да азайған. 

Бұған дейін жұмыртқа қабыршағының да пайдасы бары анықталған еді. Қабыршықтан жасалған ұнтақ сүйектің берік болуына, тірек-қимылдарының ауруларының алдын-алуға көмектеседі.

Теорияны растау үшін ғалымдар ғылыми сынақ өткізді. Практикалық сынақ 6-9 айлық сәбилердің арасында жүргізілді. Қатысушылар екі топқа бөлініп, бірі күнделікті жұмыртқа жеді. Ал екінші топ мүлдем жұмыртқа жемеді. Сынақ нәтижесі көрсеткендей, жұмыртқа қолданған топтағы балалардың өсу қарқыны әлдеқайда жақсы болды.

Алайда бұған қарап, жұмыртқаны шамадан тыс қолдануға болады дегенді білдірмейді. Оның пайдасы қалыпты мөлшерді сақтанғанда ғана сезіледі. 

Stan.kz

Тағы да оқыңыз: