Kyzylorda-news.kz. Жұма күні еліміздің солтүстік өңірлерінде жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

13 қарашада Қазақстандағы ауа райы әлі де Салехард аймағынан келетін ауқымды циклон ықпалында болады. Жаңбыр немесе қар жауады, еліміздің шығысы пен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Тағы да оқыңыз: