Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 19-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігіне оңтүстік Каспий циклоны ықпал етіп, күн құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады. Солтүстікте қалың қар, оңтүстікте жаңбыр мол көлемде жауады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Тағы да оқыңыз: