Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады – Kyzylorda News
Басты бет

Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады

21.09.2021, 11:34

286 1

Kyzylorda-news.kz. 27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады.

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.

27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та «қауіпсіз» болуға тиіс.

«Жасыл» аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 проценттен, «сары» аймақта 30%-тен, «қызыл» аймақта 20%-тен аспауы керек.

Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып жүр.

1

Пікір қалдыру