Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, 29 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс аймақтарда жаңбыр мен қар күтіледі. Оңтүстікте жел күшейеді. Өзге аймақтарда тұман болжанады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі. Атырау облысының жекелеген аумақтарына тұман басуы ықтимал. Күндіз Жамбыл, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, кей жерлерде тұман болжанады.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.