Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 7 ақпан күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК.

Қазақстан территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының жырасында орналасқандықтан, жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік жартысында күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады. Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық бөлігінде боран соғады.

Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-23 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі, жолдарда – көктайғақ. Жел жылдамдығы – 17-22 м/с.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысында жел 16 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде – тұман, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады.

Тағы да оқыңыз: