Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 19 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін күнделікті шаруаңызбен айналысыңыз. Ешқандай жаңа істі қолға алмағаныңыз жөн. Өмірлік тәжірибеңіз мақсатқа жетуге көмегін тигізеді.

Торпақ

Жемісті күн. Бүгін өзіңізді сергек сезінесіз. Соның арқасында барлық жұмысыңыз тез орындалып, мәселелер шешімін табады. Шешім қабылдауда асықпаңыз.

Егіздер

Бүгін сәтті күн. Бұл уақыт өміріңізді түбегейлі өзгертетін білім, пайдалы ақпарат алуға қолайлы. Түстен кейін маңызды істермен айналысасыз. 

Шаян

Жаңа жұмыста батыл болуыңыз қажет. Мәселелердің шешілу жолын қарастырып, ұсақ-түйекке де мән бергеніңіз жөн. Өзіңізге сенімді болыңыз.

Арыстан

Тыныш күн. Бүгін асықпай демалуға мүмкіндік туып тұр. Қызықты адамдармен кездесіп, олар өз көмегін көрсететін болады.

Бикеш

Бүгін көптен бері мазаңызды қашырған мәселені шешуге немесе мақсатқа жетуге мүмкіндік туып тұр. Дәл қазір іске кірісіңіз.

Таразы

Бүгін өз күшіңізге сеніп жұмыс жасауыңыз қажет. Біреуден кеңес аламын деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Тек өз күшіңізге сеніңіз.

Сарышаян

Бүгін ешқайда асықпаңыз. Таңертең миыңызды тынықтырып демалыңыз. Бүгін аздаған келіспеушіліктер орын алуы мүмкін.

Мерген

Бүгін күш-қуатыңыз тасып, жолыңызда кездескен кез келген кедергілерді жеңе аласыз. Асығыстық танытпаңыз. Асыққан сайын қателікке бой алдырасыз.

Тауешкі

Бүгін жұмыстан тыс семинар немесе басқа да іс-шараларға барғаныңыз жөн. Сол жақтан пікірлес жандар тауып, тың мәселелер қозғайтын боласыздар.

Суқұйғыш

Қызықты, бірақ қарбалас күн. Соңғы уақытта мазаңызды алып жүрген сауалдарға жауап табасыз. Қиын мәселелерді тез шешетін боласыз.

Балықтар Бүгін көп жұмыс жасайсыз. Нәтижесі де айтарлықтай зор. Жұмысыңыздың жемісті болуына ескі таныстарыңыз көмектесетін болады.

Тағы да оқыңыз: