Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 18 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Болашаққа бағыт-бағдар беретін жаңа идеялар пайда болады. Ескі жоспарларды жүзеге асырып, жақындарыңызды қуантасыз. Көп мәселеде ішкі түйсік көмекке келеді.

Торпақ

Түске дейінгі уақытта әлдекімдермен сөзге келуден аулақ болыңыз. Эмоцияға берілмей, барлық мәселені ақылмен шешкеніңіз жөн. Бүгін жұмысқа қатысты тың ақпарат аласыз.

Егіздер

Жетістікке жетуге мүмкіндік көп. Барлық мәселе шешімін табады. Оған көп ойланып, өзіңізді шаршатпайсыз. Айналаңыздағы адамдармен тез тіл табысасыз. Кешке романтикалық кездесу болады.

Шаян

Маңызды шаруаларды іске асырасыз. Бастаған жұмысыңызды соңына дейін аяқтайсыз. Түстен кейін жақындарыңызға көңіл бөліп, олардың жағдайын жасаңыз. Ешкімді ренжітпеңіз.

Арыстан

Сәтті күн. Жұлдыздар сіздің жақта. Осы сәтті пайдаланып, көптен бері ойда жүрген жоспарларыңызды жүзеге асырыңыз. Өзіңіз ойлағаннан да зор нәтижеге қол жеткізесіз.

Бикеш

Күніңіз сәтімен басталады. Қызықты іспен айналысып, көңіліңіз көтеріліп қалады. Түстен кейінгі уақытыңыз қарама-қайшылыққа толы болады. Бірақ бастапқы шешіміңізден танбаңыз.

Таразы

Сүйікті адамыңызға өз арманыңызды айтудан қорықпаңыз. Мақсатыңыз туралы ашық айтып, оған жету жолдарын да түсіндіріңіз. Сонда ғана барлық мәселе өз шешімін табатын болады.

Сарышаян

«Бұйырғаны болады» деп күтіп отырудың қажеті жоқ. «Әрекет түбі – берекет» екенін естен шығармаңыз. Тек әрекет етсеңіз ғана барлық шаруаңыз шешімін табатын болады. 

Мерген

Айтарлықтай жаңалық жоқ. Жаңа таныстықтардан еш пайда жоқ. Үміттенудің қажеті жоқ. Сондықтан барлық мәселені өз мойныңызға алғаныңыз жөн. Сол уақытта жұмысыңыз өнеді.

Тауешкі

Жақындарыңыздан көмек сұраудан ұялмаңыз. Олардың көмегі жұмыстың тез бітіуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ барлық ісіңіз нәтижелі аяқталатын болады. Көмек сұрағаннан еш өкінбейсіз.

Суқұйғыш

Екінші жартыңызға салмақ салып, өз қалауыңызға қол жеткізе аласыз. Бірақ соңынан өз өкінішіңізді білдіресіз. Абзалы, ешкімге қарамай, өз бетіңізше әрекет еткеніңіз жөн.

Балықтар

Бүгін қызметіңізді жоғарылатуға мүмкіндігіңіз бар. Жұлдыздар сіздің жақта болмақ. Сондықтан ісіңіз алға басады. Бұрын қолға алған, алайда аяқталмаған шаруаларды бүгін бітіретін боласыз.

Тағы да оқыңыз: