Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Жұлдыздар не дейді?

17.02.2020, 8:00

536 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін сіздің жалқаулығыңыз басым. Бірақ еш ашуланбай, өзіңізді сол қалпында қабылдап үйреніңіз.Қаржы мәселесін түстен кейінге қалдырыңыз.

Торпақ

Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Қызықты ұсыныстар түседі. Қабыл алғаныңыз жөн. Сонымен қатар шығармашалықпен айналысуға қолайлы күн.

Егіздер

Жаңа жобаларды қолға алуға, оларды жүзеге асыру ыңғайлы күн. Бірақ жүйке жүйеңізді сақтаңыз. Ешкімге ашуланбаңыз.

Шаян

Назарыңызды бір ғана жұмысқа аударыңыз. Сонда ғана еңбегіңіз өнімді болады. Кешке қарай достармен кездесіп, сіздің идеяларыңыз оларға ұнайтын болады.

Арыстан

Күніңіз сәтті өтеді. Қаржылық мәселеңіз оңтайлы шешілетін болады. Кешке мезгілде отбасыңызбен бірге болыңыз.

Бикеш

Қызықты оқиғалар орын алады. Бірақ барлық жаңалыққа сенбегеніңіз жөн. Алған ақпараттарыңыздың шынайылығына көз жеткізіп алып, әрекет етіңіз.

Таразы

Сізді ешқандай мәселе қорқыта алмайды. Кез келген қиындықтан оңай құтыласыз. Ақшаңызға абай болыңыз. Ешкімге қарыз бермеңіз.

Сарышаян

Бүгін барлық іске мұқият болыңыз. Ешкімге аяушылық танытпаңыз. Қаржыңызға да барынша сақ болыңыз. Кешке отбасыңыздың жанында болыңыз.

Мерген

Соңғы кезде мезі еткен мәселеден құтылғыңызкеледі. Тіпті көз көрмес, құлақ естімес жерге қашуға да дайынсыз. Қамықпаңыз, барлығы өз уақытында шешіледі.

Тауешкі

Ең алдымен жұмыстың жайын қалыпқа келтіріңіз. Ойын-сауықты кейінге қалдырғаныңыз жөн. Кешке сізді романтикалық тосынсый күтіп тұр.

Суқұйғыш

Іскерлік байланыс орнатуға керемет күн. Барлық бос уақытыңызды жұмысқа арнамаңыз. Өзіңізге де көңіл бөлгеніңіз жөн.

Балықтар

Олжалы боласыз. Ақшаға қатысты мәселеде жолыңыз болады. Бүгінгі кешті өзіңіз жақын тұтатын адаммен немесе сүйіктіңізбен өткізесіз. 

0

Пікір қалдыру