Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 16 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін жаңа жұмыс бастамағаныңыз дұрыс. Сондай-ақ жақын адамыңызбен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз.  Егер алыс сапарға шығар болсаңыз, жолда абай болыңыз. «Сақтансаң, сақтаймын» дегенді ұмытпаңыз.

Торпақ

Өзгенің ісінен араласудан аулақ болыңыз. Біреуге көмектесемін деп, өзіңіз опық жеп қалмаңыз. Сіздің тапқырлығыңызға қызыға қарайтындар болады. Ішкі түйсігіңіз алдамайды. Сондықтан оған толық сенім артуға болады.

Егіздер

Эмоцияңызды сыртқа шығармауға тырысыңыз. Демалысты жақсы көңіл-күйде өткізуге тырысыңыз. Үй тіршілігін кейінге қалдырыңыз. Достарыңыз немесе туыстарыңыз көмек сұраса, қол ұшын беруден қашпаңыз.

Шаян

Үйде немесе жұмыста мәселе туынчдауы мүмкін. Жағымсыз жаңалық көңіл-күйіңізді түсіріп, мазаңызды қашырады. Бұл орайда денсаулығыңызға абай болыңыз. Біраз шаршап қалуыңыз да мүмкін.  

Арыстан

Бүгін сізге барлығы қарсы тұрғандай сезінесіз. Бірақ уайымға берілудің қажеті жоқ. Жалғыз қалып, демалғаныңыз жөн. Бұл кейінгі кезде туындаған мәселелер туралы ойланып, олардан шығу жолдарын табуға көмектеседі.  

Бикеш

Бүгін ешбір істі қолға алмағаныңыз жөн. Қай жұмысты бастасаңыз да оң нәтиже бермесі анық. Бүгін қайырымдылық жасап, айналаңыздағыларға деген ренішіңізді ұмытқаныңыз жөн.

Таразы

Бүгін сізді мақтайтындар көп. Әрине, бұл сізге қуаныш сыйлайды. Өзіңіздің жаңа жоспарларыңызға серіктестер табасыз. Сейкесінше, табыс табудың жаңа көзін ашасыз.

Сарышаян

Жақындарыңызға көп көңіл бөліңіз. Үнемі жаныңыздан табылатын жандарға оларды жақсы көретініңізді айтып, сыйластығыңызды арттырыңыз. Кикілжіңге бармауға тырысыңыз. Барлық түсініспеушілік сіздің күйгелектігіңізден туындайды.  

Мерген

Маңызды істерге қатысты шешім қабылдайсыз. Сондықтан мұқият болғаныңыз абзал. Басшылықпен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Сондықтан берілген тапсырманы уақытында орындауға тырысыңыз.

Тауешкі

Бүгінгі күн сіз үшін қиынға соқпақ. Жақын адамыңызбен арадағы мәселені шешу қиынға соғады. Өз тәжірибеңізге ғана сүйеніп мәселені шешуге тырысыңыз. Тәуекелге бармаңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз.

Суқұйғыш

Жұмыс жайлы көп ойланудың қажеті жоқ. Аяқталмаған істеріңіз қайтадан алдыңыздан шығады. Оларды аяқтау үшін көп уақыт пен мол қаражат қажет. Өзгелердің мәселелеріне араласпағаныңыз жөн.

Балықтар

Бүгін қабылдаған әрбір шешім дұрысынан болмақ. Жұлдыздар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сілтеп отыратын болады. Жасаған әрбір ісіңіз алға басып, жұмысыңыз жандана түспек. Әрбір күніңіз өзіңізге сабақ болады.

Тағы да оқыңыз: