Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 12 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін шаршайсыз. Бір уақытта бірнеше жұмыс істеуіңізге тура келеді. Бірақ бұған еш ренжімейсіз. Бірақ назарыңызды бір жұмысқа аударғанды жөн көресіз.

Торпақ

Таңертең барлық жұмысыңызды бітіруге тырысыңыз. Бұл уақытта маңызды мәселелерді бітіріп, жұмыстарыңызды ретке келтіруге қолайлы болмақ.

Егіздер

Түстен кейін барынша сабыр сақтай біліңіз. Егер шыдамсыздық танытсаңыз, көп қателік жіберуіңіз мүмкін. Ал ол қателіктерді түзету қиынға соғады.

Шаян

Бұрын қолыңыздан келмеген шаруаларды бүгін соңына дейін жеткізетін боласыз. Іскерлік және жеке қарым-қатынастарды қалыпқа келтіре аласыз.

Арыстан

Барлық шаруаны орындау, мақсатқа жету оңайға соқпайды. Бірақ сіз еш берілмейсіз. Табандылығыңыздың арқасында біраз жетістікке жетесіз.

Бикеш

Керемет күн. Бүгін сәттілік серігіңіз болады. Соңғы уақытта сызат түскен қарым-қатынастарды қайта қалыпқа келтіресіз. Ескі қателіктерді де жөндейсіз.

Таразы

Бүгін ештеңеге алаңдамаңыз. Көп күш жұмсамастан біраз жетістікке жетуге мүмкіндік бар. Сіз барлық мүмкіндіктерді көре аласыз.

Сарышаян

Ойланыңыз. Егер алдағы күндерге жоспар құрсаңыз барлық жұмысыңыз алға басады. Өз мүмкіндігіңізді пайдаланып, барлық жұмысты дөңгелетесіз.

Мерген

Таңертеңгілік айналаңыздағы адамдармен тіл табысу қиынға соғады. Тіпті жақын адамдарыңыздың өзі сізді дұрыс түсінбеуі мүмкін.

Тауешкі

Түске дейін барынша сабырлы болуға тырысыңыз. Кейде айналаңыздағы адамдар сізді әдейі ашуландыратын секілді. Сондықтан арандатушыларға ермеңіз.

Суқұйғыш

Қандай мәселе орын алса да, өз ақылыңызды жоғалтпайсыз. Сонымен қатар бүгін қаржылық мәселені бірыңғайлайсыз. Бүгін сізге ақша түседі.

Балықтар Қиын күн. Егер асығыстық танытпасаңыз, ешқандай қателікке бой алдырмайсыз. Сонымен қатар барлық мәселеде өзіңіз шешім қабылдағаныңыз жөн.

Тағы да оқыңыз: