Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Жұлдыздар не дейді?

10.02.2020, 8:00

577 0

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 10 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Маңызды әрі қиын істі бастауға таптырмас күн. Сіз алғашқы жетістіктерге өте тез жетесіз әрі алға жылжу оңай болады. Осы маңызды істе көмекшілер табылып, одақтастар қол ұшын созады.

Торпақ

Күні бойы адамдармен қарым-қатынас кезінде мүлдем ашылып сөйлемейсіз. Көп адамдарға тез сенгіш және көңілшек адам ретінде көрінесіз. Бүгін сізді пайдаланып кеткісі келетіндердің қатары өте көп.

Егіздер

Егер уақытты босқа жоғалтпасаңыз, күннің алғашқы жартысында біраз шаруа тындырасыз. Маңызды мәселелер мен кездесулерге толы күн. Сондықтан тез шешім қабылдауға дайын болыңыз.

Шаян

Берекелі және сәтті күн. Көптен бері бастаған жұмыстарыңызды аяқтап, жаңа істі қолға аласыз. Айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізесіз.

Арыстан

Сіз ойлағандай оңай күн емес. Бірақ, бәрі қолыңыздан келеді. Алға қойған мақсатыңыздан бас тартпаңыз, себебі, кез келген қиын істе тәжірибеңіз алып шығады.

Бикеш

Бүгін көп жұмыстарыңыз жақсылықпен аяқталады. Кездескен қиындықтардың бәрі сіздің жігеріңізді жасытпақ емес. Мақсатыңызға жетудің күтпеген жерден шешімі табылады.

Таразы

Қандай жағдай болмасын бүгін сабырлы болыңыз. Ашуға бой алдырамын деп жүріп көптеген қателіктерге жол беруіңіз ғажап емес. Қалаған нәрсеңізге қол жеткіземін деп басыңызға таудай бәле тілеп алмаңыз.

Сарышаян

Күннің алғашқы жартысында аздаған келеңсіздіктер орын алады. Бірақ, сабырлылық танытсаңыз, өздігінен шешімін табады. Бүгін ұсақ-түйек мәселелерге бас ауыртпай, көңілді жүріңіз.

Мерген

Бүгін тепе-теңдік сақтау өте қиын болады. Көңіл-күйіңіз тұрақсыз, тез ашуланасыз. Болмашы нәрселерге жанжал шығарып, жақындарыңызбен сөзге келіп қаласыз.

Тауешкі

Бүгінгі жұмысыңызда көптеген жетістіктерге жетесіз. Өзіңізді еркін ұстаңыз, басқа біреулердің билік жүргізуіне жол бермеңіз. Жақындарыңыздың ақыл-кеңесіне жүгінбей-ақ қойыңыз себебі, ол сіз үшін пайдасыз.

Суқұйғыш

Өзгелермен қарым-қатынас кезінде аса мұқият әрі сақ болыңыз. Оларға өзіңіздегі маңызды ақпараттарды, әсіресе, жоспарларыңыз бен идеяларыңызды айтып қоймаңыз. Онша таныс емес адамдармен арақатынасыңыз сізге зиянын тигізуі мүмкін.

Балықтар

Барлық жағынан сәтті күн. Тек асығыстық танытпаңыз: мақсатыңызға сабырмен, бірқалыпты күйде әрекет етсеңіз, ұтылмайсыз. Кәсіби тұрғыда көптеген жетістіктерге жетесіз.

0

Пікір қалдыру