Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Жұлдыздар не дейді?

09.02.2020, 8:00

561 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 9 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Көлік алуға, жағымды жаңалық жасау немесе белсенділік танытатын күн. Белсенділігіңіздің арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.

Торпақ

Өз көзқарасыңызды, өзгелер туралы пікіріңізді өзгертпеңіз. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз алшақтап, түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін.

Егіздер

Тағдырға қарсы келемін деп әуре болмаңыз. Бүгін жолыңыз болмағанымен, келер күні барлығы сәтімен болар.

Шаян

Бүгін сіздің жұмысыңыз жемісті болмақ. Өзіңізге деген сенімділігіңіз артады. Көңіліңізде ешқандай алаңдаушылық немесе қорқыныш жоқ.

Арыстан

Өте керемет күн. Сауда жасауға да қолайлы. Демалыс күніңізді жақсы өткізесіз. Бұл күні көбісі сізге қызыға қарайды.

Бикеш

Ойламаған жерден мол табысқа ие боласыз. Жылжымайтын мүлік немесе көлік аламын деп жүрсеңіз бүгін сол ойыңызды жүзеге асырыңыз.

Таразы

Сізді бүгін тосынсыйлар мен сый-сияпаттар күтіп тұр. Есесіне өзіңіз де мол қаражатты жұмсап жібересіз.

Сарышаян

Серіктестермен қарым-қатынаста абай болыңыз. Туындаған мәселелердің барлығын тез арада шешіп отырыңыз.

Мерген

Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Мақсатқа жету үшін біраз қадамдарға барасыз. Бірақ ойларыңызбен, жоспарларыңызды құпияда ұстаңыз.

Тауешкі

Айналаңыздағылардың барлығы бірдей сіздің талғамыңызбен жүруі міндетті емес. Өзгелердің таңдауына түсіністікпен қараңыз.

Суқұйғыш

Жетістікке жетуге деген талпынысыңыз оң нәтижесін береді. Мықты маман ретінде сұранысқа ие боласыз.

Балықтар

Істеріңіздің барлығы алға басады. Бұл қарсыластарыңыздың қызғанышын тудыратыны анық.

0

Пікір қалдыру