Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 8 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Үй тіршілігі шаршатады. Дегенмен аз уақытқа болса да оңаша қалып, тыныштықта серуендеңіз. Бұл сізге пайдалы болмақ.

Торпақ

Бүгін жеке өміріңіз түбегейлі өзгереді. Жақын адамыңыз баға жетпес сый жасайды. Осыдан кейін оның сізге деген құрметі зор екеніне көзіңіз жетеді.

Егіздер

Бүгінгі күн алдағы күндерге жоспар жасауға өте қолайлы болмақ. Үй шаруасын жасап, иығыңыздан ауыр жүк түскендей сезімде боласыз.

Шаян

Керемет күн. Ешқандай мәселе туындамай, барлық ойларыңыз жүзеге асатын болады. Бұл сізді қуантады.

Арыстан

Қиын жағдай туындаса да еш мойымаңыз. Өйткені барлық мәселе өз орнымен шешімін табатын болады.

Бикеш

Көтеріңкі көңіл-күй барлық мәселенің шешілуіне оң ықпалын тигізетін болады. Ең бастысы денсаулығыңызды күтіңіз.

Таразы

Бүгін ескі досыңызбен кездесесіз. Бұл кездесуде қуанышқа кенелесіз. Келер жылы досыңыздың арқасында біраз жетістікке жететін боласыз.

Сарышаян

Бүгін енжарлық танытасыз. Келешегіңізге алаңдаулысыз. Аздап жүйкеңіз сыр береді. Көп ойлана бермеңіз.

Мерген

Бүгін өте қуаныштысыз. Махаббатта жолыңыз болады. Сізге түсіністік танытатындар да бар.

Тауешкі

Күніңіз сәтті өтеді. Барлық шаруаны игере аласыз. Өткен күндерде өкінішіңіз болғанымен, бүгін өзіңізді жайлы сезінесіз.

Суқұйғыш

Романтикалық көңіл-күйіңіз бен өзгеріске деген құштарлығыңызды күнделікті күйбең тіршілік жоя алмайды.  

Балықтар

Жұлдыздар бүгін жаңа махаббат дастанын бастан өткеретініңізді айтады. Сондай-ақ денсаулығыңызға зиян тағамдардан алыс болуды ескертеді.

Тағы да оқыңыз: