Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 4 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Аздаған қиындықтар туындайды. Жұмыстың көптігінен жүйкеңіз сыр береді. Соның кесірінен жақындарыңызбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін.

Торпақ

Барлық шаруаны бір мезгілде шешуге тырысасыз. Бірақ оның кесірі тиюі мүмкін. Көп жерде қате жібересіз. Абзалы бір жұмысқа ғана тиянақты болғаныңыз жөн.

Егіздер

Күніңіз керемет өтеді. Бірақ қолыңыздан келмейтін іске араласпағаныңыз жөн. Сонымен қатар айналаңыздағы адамдарға сене бермеңіз.

Шаян

Керемет жемісті күн. Барлық шаруаны оңай орындап, өзгелерге де көмек көрсетесіз. Бұрын алған тәжірибелеріңіз пайдаңызға жарайды.

Арыстан

Қызықты оқиғалар орын алады. Бұған дейін құрған жоспарларыңызды өзгертуге тура келеді. Бірақ қобалжымаңыз.

Бикеш

Қаржылық мәселелерді шешуге асықпаңыз. Ақшаға қатысты мәселеде «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» қағидасын ұстаныңыз.

Таразы

Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Олар сіздің қолдауыңызды қажет етеді. Бүгін кей жұмыста қандай шара қолдану қажет екенін анық білесіз.

Сарышаян

Егер кәсіп ашу немесе инвестиция құю бойынша жұмыс жасайтын болсаңыз, көздегеніңізге жетесіз. Жылжымайтын мүлікке де біраз қаржы құюға болады.

Мерген

Табысын арттырғысы келген жандарға мүмкіндік туып тұр. Терең ойлансаңыз, қосымша табыс табудың амалын қарастыруға болады

Тауешкі

Сақтанып жүріңіз. Бұл күн маңызды шешім шығаруға қолайлы емес. Сонымен қатар өміріңізді өзгертуге тырыспаңыз.

Суқұйғыш

Айналаңыздағы адамдарға көп үміт артасыз. Барлығы сіз ойлағандай болмауы мүмкін. Сондықтан көп сенім арта бермеңіз.

Балықтар

Өз бетіңізше жұмыс жасайсыз. Ешкімге арқа сүйемейсіз. Өз күшіңізге сеніп, мол табысқа жетесіз.

Аударған Динара МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: