Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 19 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін мінезіңіз жібектей жұмсақ. Кейбір ашу шақыратын уақытта қойдан да жуас мінез танытасыз. Бұл мінезіңіз айналаңыздағыларға ұнайды. Әсіресе сүйікті адамыңызға ұнағаны соншалық, сізге қымбат тосынсый жасағалы тұр.

Торпақ

«Шыдамның да шегі бар» демекші, шыдамыңызды тауысқан жан болса, онда өз обалы өзіне болмақ. Ашу шақырып, айқайлап алсаңыз да болады. Себебі сіз бұған дейін оған өзіңізге жоламауды ескерткен болатынсыз.

Егіздер

Бүгін жүйкеңіз сыр береді. Сырқаттанып қалмас үшін эмоцияға ерік беріңіз. Ашу-ызаны іште сақтап қалмаңыз. «Ауруын жасырған өледі» демекші, іштегі «дауылды» сыртқа шығарып, өзіңіз жеңілдеп қалыңыз.

Шаян

Бүгінгі жағдайлар, орын алып жатқан оқиғалар бақылауыңыздан шыққан болса, көмек көрсететін жан табылады. Ол барлық мәселені шешуге, қиындықтардың алдын алуға көмектеседі.

Арыстан

Бүгін сүйіктіңіз сіздің не ойлағаныңызды білмей дал болады. Себебі сіздің бүгінгі жүріс-тұрысыңыз жұмбақ. Тіпті айтар ойларыңызды да астарлап жеткізуге тырысасыз.

Бикеш

Бүгін ақпарат ағыны толассыз болмақ. Естіген жаңалықтарыңыздан соң, үй тірлігіне қолыңыз бармай, қиындық туындайды. Бұл қиындықтан құтылу үшін біліміңізді шыңдауға кірісіңіз.

Таразы

Қиялға берілмей, өмірге шынайы қарай біліңіз. сонда ғана арманыңыз шындыққа айналады. Сонымен қатар бүгін шағын кәсібіңізді кеңейтуге ұсыныс түседі. Бірақ ол үшін біраз тер төгуге тура келеді.

Сарышаян

Бүгін көңіл-күйіңіз керемет. Барлығы сіз ойлағаннан да жақсы болмақ. Мәселенің барлығы өз уақытында шешімін тауып, еш алаңдамайтын боласыз. Сонымен қатар сүйікті адамыңыздың көңілін табуға тырысыңыз.

Мерген

Бүгін өзіңізге ұнайтын іспен айналысасыз. Бұл іске әуестенгеніңіз сонша, жан-жағыңыздағы адамдарды да байқамайсыз. Ал бұл іс-әрекетіңіз көпшілікке ұнамауы мүмкін.

Тауешкі

Бүгін мақтауларға масаттанып, тәкаппарланып кетпеңіз. Әлдекімдер осы орайды өз мүддесіне пайдалануы мүмкін. Өзіңізді бірқалыпты ұстағаныңыз жөн. Сонда ғана өзгелерді мойындата аласыз.

Суқұйғыш

Не тілесеңіз де, барлығы орындалады. Тек ниетіңіз болса, барлық арманды орындауға болатынын естен шығармаңыз. Сонымен қатар бүгін ұнатпаған тағамды тұтынбағаныңыз жөн.

Балықтар

Бүгінгі жоспарыңыз тығыз орналасады. Уақыт тауып бір-екі жоспарды кейінге қалдырсаңыз болады. Ал қалған жоспарларыңыз барлығы оң нәтиже беретін болады.

Тағы да оқыңыз: