Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 31 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Өміріңізде біршама өзгерістер орын алады. Жақын адамдармен кез келген тақырыпты талқылай аласыз. Олармен қарым-қатынаста кикілжің туындамайды. Барлық мәселе өз шешімін табатын болады.

Торпақ

Қолыңыздан келмейтін іс жоқ. Барлық шаруаны дөңгелетіп әкетесіз. Іске тиянақтылығыңыздың арқасында өзгелерге өзіңізді мойындата аласыз. Жұмыста немесе оқуда табысты боласыз.

Егіздер

Маңызды шаруаға ғана көңіл аударыңыз. Сонда ғана бір істі тиянақтылайсыз. Бос әңгімелерге уақыт жоғалпаңыз. Көп сөйлейтін немесе әңгімесі таусылмайтын жандардан бойыңызды аулақ ұстаңыз.

Шаян

Соңғы уақытта мазаңызды алған сауалдарға жауап тауып, мәселелерді біржақты етесіз. Осыдан кейін өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, әрі қарай жоспар құра бастайсыз. 

Арыстан

Көпшіліктің алдына шығып сөз бастайсыз. Көрермендерді қалай қызықтыру керек екенін жақсы білесіз. Олар сіздің айтқан қызықты ақпараттарыңызға ризашылығын білдіретін болады.

Бикеш

Ешқайда асықпаңыз. Бұл күні бастаған істі соңына дейін жеткізуге қолайлы. Қажетсіз дүниелерден арылуға тырысыңыз. Бірақ бүгін жаңа іс бастамағаныңыз жөн. Алдымен ойыңызды жинақтап алыңыз.

Таразы

Бос қиялға берілмей, нақты шаруамен айналысатын боласыз. Көп адам сіздің жетістіктеріңізді көре алмайды. Сіздің іскерлігіңізге қызғанышпен қарайтындар көп, сондықтан сақ болыңыз.

Сарышаян

Жұмыс жасауға, оқу мен басқа да пайдалы істермен айналысуға қолайлы күн. Жаңа бастаған іспен айналысасыз, ештеңеге алаңдамайсыз. Сондықтан барлық шаруаны соңына дейін жеткізесіз.

Мерген

Жаңашылдықтан қорықпайтын жандар үшін керемет күн болмақ. Айналаңыздағы адамдарға ыңғайсыздық тудырғанымен, өзіңізге қолайлы іспен айналысатын боласыз.

Тауешкі

Жұмысыңызға көмектесетін серіктес іздейсіз. Сіздің жоспарларыңызға шын жанашырлық, қызығушылық танытатын жан табылады. Бұл серіктестіктің нәтижесі жемісті болмақ.

Суқұйғыш

Сіз еңсере алмайтын кедергі жоқ. Сондықтан барлық істі өз жауапкершілігіңізге ала берсеңіз болады. Кез келген кездесу қызықты өтеді. Осы кездесуде пайдалы ұсыныстар түседі.

Балықтар   

Керемет күн. Бүгін ешқандай кедергіге тап болмайсыз. Бастаған шаруаңызды соңына дейін жеткізе аласыз. Айналаңыздағы адамдармен байланыс орнатқанда барынша сабырлы болуға тырасысыз.

Аударған Динара МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: