Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Жұлдыздар не дейді?

30.01.2020, 8:00

364 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 30 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Сәтті, әрі жемісті күн. Ойыңызға өзгелерге тапсыруға болмайтын тың идеялар, жаңа жоспарлар келеді. Сіз қиын жұмыстарды белсене атқарып, соңында мол табысқа ие боласыз.

Торпақ

Кез келген адаммен тез тіл табысасыз. Кездейсоқ іс-әрекеттердің арқасында жаңа мүмкіндіктерге ие боласыз. Түстен кейін сізді тосынсый күтіп тұр. Бүгін отбасылық мерекені атап өтуге қолайы күн.

Егіздер

Бүгін көп армандарыңыз орындалатын күн. Бірақ олардың барлығына еңбегіңіз сіңуі қажет. Сондықтан біраз тер төгуге тура келеді. Барлығы тез арада жүзеге аспады деп қамықпаңыз.

Шаян

Өз-өзіңізге есеп еріп үйреніңіз. Сонда ғана мол табысқа да, жетістікке де ие боласыз. Бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізбейінше, өзге шаруаларға алаңдамағаныңыз жөн.

Арыстан

Сәтті күн. Біраз шаруаңыз алға басып, кәсібіңіз дөңгелене түседі. Өз мақсатыңызға жету үшін ешбір кедергіге мойынсұнбай, кез келген мүмкіндікті жіберіп алмайсыз. Сіздің өмірде жиған тәжірибеңіз мол.

Бикеш

Сабырлы болыңыз. Барлық шаруа бір демде алға баспайтыны анық. Сондықтан табандылық танытқаныңыз жөн. Бүгінгі күн шығармашылықпен айналысуға, білім көкжиегін кеңейтуге қолайлы болмақ.

Таразы

Өз дегеніңізден қайтпайсыз. Айналаңыздағы адамдар сізбен сөз таластыруға құмар. Тіпті олар сіздің керемет ұсынысыңызға келіспеуі мүмкін. Сондықтан кез келген басқосуда сабырлық танытқаныңыз жөн.

Сарышаян

Күніңіз керемет өтеді. Дәл қазіргі сәтте бұрынғы сезімдеріңіз туралы ойлап бас қатырасыз. Бұрынғы іс-әрекетіңізге басқаша көзқарас танытасыз. Сонда ғана барлығына жауап табатын боласыз.

Мерген

Өзіңізге де, өзгелерге де пайдалы іс жасайсыз. Бір сөзбен айтқанда сәтті де, жемісті күн болады. Жұмысыңыз шаршатпайды, керісінше, одан ләззат алатын боласыз.

Тауешкі

Өзіңізге көмек көрсететін серіктес табасыз. Ол лауазымды тұлға болуы да мүмкін. Сіздің идеяларыңыз жақсы, дегенмен оларды қолдай қоятын жан табылмайды. Көп адам өз уәдесінен айнып қалуы мүмкін.

Суқұйғыш

Бүгін аздаған түсініспеушіліктер орын алады. Достарыңызбен түсінісе алмайсыз.  Дегенмен күніңіз жақсы өтеді. Шығармашылықпен айналысуға, қызықты істі бастауға қолайлы күн.

Балықтар   

Айналаңыздағы адамдардың барлығы сізге көмек көрсетуге әзір. Сонымен қатар бүгін жаңа таныстықтар орын алады. Бұл таныстық алдағы уақытта өміріңіздің маңызды бөлшегіне айналады.

Аударған Динара МАХАНОВА

0

Пікір қалдыру