Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Жұлдыздар не дейді?

28.01.2020, 8:00

471 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 28 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Өте маңызды іспен айналысасыз. Ең алдымен өз мақсатыңызға жетуді көздейсіз. Сондықтан өзге істерге назар аудармайсыз, уақыт жоғалтпайсыз. Жақындарыңыз сіздің ойыңызды қолдайтын болады.

Торпақ

Іскерлік байланыстарды нығайтуға, серіктес болуға қолайлы күн. Өзіңіздің тың идеяларыңызбен өзгелерді тез қызықтырасыз. Сонымен қатар ойыңызды қолдайтын, көмек көрсететін жандарды көпшілік ішінен қателеспей таңдайсыз.

Егіздер

Жоспарңызды жүзеге асыруға қолайлы күн. Бірақ барлығы оңайлықпен келмейді. Ол үшін біраз тер төгуге тура келеді. Бірақ қиын шаруаны қолға алғаныңызға еш өкінбейсіз. Өйткені барлығы қызықты өтеді, нәтижесі ойдағыдай болады.  

Шаян

Бүгінгі күн сіз ойлағандай болмайды. Өзіңізге де, өзгелерге де пайдаңызды тигізесіз. Бірақ соңында барлығы көңіліңізді қалдыратын болады. Жан-жағыңызға көз салып, өзгелердің қателігінен сіз сабақ алатын боласыз.

Арыстан

Жұлдыздар сіздің жақта. Сондықтан ешкімге өкпе арта алмайсыз. Ешкімге ренжуге де хақыңыз жоқ. Өзіңіздің не қалайтыныңызды жақсы білесіз. Сондықтан қай тұста қателік жібергеніңізді де ішіңіз біледі.

Бикеш

Басқалар күйгелектікке салынып жатады. Ал сіз болсаңыз сабырлылық сақтап, өз күшіңізге сенетін боласыз. Өзгелердің жолы болмаған істі қолға алып, оны соңына дейін жеткізетін боласыз.

Таразы

Тәуекелшіл болыңыз. Біршама жетістікке жетуге мүмкіндік туып тұр. Бүгін жұлдыздар өз қорқынышын жеңе алған және жауапкершілікті өз мойнына арта алатын жандарды қолдайтын болады.

Сарышаян

Жұмыс жасауға қолайлы күн. Көптен бері жиналып қалған жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік туып тұр. Жұмыс көп болғанымен оларды орындау барысында күніңіз қызықты өтетін болады. Жаңашылдыққа тез үйренесіз. 

Мерген

Мазасыз күн болмақ. Бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауға тура келеді. Олардың біршамасы ойламаған жерден пайда болуы мүмкін. Жаныңыздағы адамдар кейде сіздің көңіл-күйіңізді әдейі түсіреді.

Тауешкі

Айналыңыздағы адамдарды талантыңызбен таңқалдыратын боласыз. Бұрын сіздің біліміңізге күмән келтіргендер де «қол соғып», өздерінің іс-әрекеті үшін ұялатын болады. Жұмыс көп, бірақ сіз шаршамайсыз.

Суқұйғыш

Бос әңгіме көп. Бірақ олардың барлығы сізге ұнайтын болады. Әңгімелескен адамдарыңыз сізге жылулық сыйлайды. Бұрын қарым-қатынастарыңыз дұрыс болмаған жандармен тіл табысасыз.

Балықтар

Ісіңізді алға қарай жылжытуға көмек көрсететін жаңа серіктес табуға және жұмысыңызды жандандыруға қолайлы күн. Сіз кімге арқа сүйеуге болатынын, кімнен бойды алыс ұстау қажет екенін жақсы білесіз.

Аударған Динара МАХАНОВА

0

Пікір қалдыру