Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 21 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін тосыннан орын алған жайттар сәттілік әкеледі. Өзіңізді қызықтырған істермен айналысасыз. Сонымен қатар жаңа серіктестермен танысасыз.

Торпақ

Түске дейінгі уақытыңыз керемет өтеді. Өз мүмкіндігіңізді пайдаланып, жетістікке қол жеткізесіз. Ең алдымен маңызды мәселелерді қолға алыңыз.

Егіздер

Сіздің іскерлігіңіз бен өз ісіңізге деген ынтаңыз жұмыста табысты болудың басты кепілі болмақ. Егер сіз жұмыс алушы болсаңыз онда бүгін сіз үшін сәтті күн.

Шаян

Бүгін іскерлік кездесулер ойдағыдай өтеді. Серіктестермен бірге жұмыс көлемін ұлғайтып, істеріңіз берекелі болмақ.

Арыстан

Бүгінгі күн ғашық болуға, сезіміңізді білдіруге қолайлы күн. Ескі қарым-қатынасты қайта жандандыруға да қолайлы уақыт болмақ.

Бикеш

Бүгін күш-қуатыңыз да тасып, барлық шаруаны тез атқара аласыз. Энергияңыз тасып тұрған сәтте кейінге қалдырылып келе жатқан жұмысты да бітіріп тастаңыз.

Таразы

Сәттілік серігіңізге айналады. Қызметте өсуді көздейсіз. Сіздің талантыңыз, іскерлігіңіз көлеңкеде қалып қоймайды.

Сарышаян

Бүгін саяхаттап немесе жұмыс барысымен сапарға шығуыңыз мүмкін. Сонымен қатар бүгін жоғарғы білім алу туралы көп ойланасыз.

Мерген

Жұмыста өзгерістер орын алып, қызметтік сатыда өскеніңізбен, әзірге бұл ісіңіз өз жемісін бермейді. Сондықтан барлығына өз еңбегіңізбен қол жеткізгеніңіз жөн.

Тауешкі

Бүгін алыс жолға шығасыз. Сондай-ақ ғылыми жұмыспен айналысатын, білім беру саласының және саясатқа жақын жандардың жолы болады.

Суқұйғыш

Сіздің материалдық жағдайыңыз жұмыс жасауыңызға байланысты болмақ. Көп табыс табуды жоспарласаңыз, ең алдымен біліміңізді жетілдіріңіз.

Балықтар

Бүгін көпшіліктің көңілін өзіңізге аудара аласыз. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз артып, таныстарыңыздың арқасында біраз шаруаны тындырасыз.

Аударған Динара МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: